jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Тоқаев Әзербайжан мен Арменияның АҚШ-та бейбітшілік келісіміне қол қоюына қатысты пікір білдірді

    Ильхам Әлиев, Никол Пашинян, Дональд Трамп
    Ильхам Әлиев, Никол Пашинян, Дональд Трамп. Фото: Azerbaijan Presidency/Anadolu via Getty Images

    Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонда Әзербайжан мен Армения арасында жасалған бейбітшілік келісімді жоғары бағалап, АҚШ пен Қазақстанның бұл қадамға қосқан үлесін ерекше атап өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай өз Telegram-арнасында хабарлады.

    "Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонда Әзербайжан мен Армения елдері арасында қол қойылған келісімді тарихи жетістік деп санайды.

    Аталған құжат қос мемлекет арасындағы ұзаққа созылған әскери қақтығысты түбегейлі тоқтатып, дипломатиялық қатынас орнатуға және берік бітім негізінде ынтымақтастықты дамытуға жол ашты.

    Мемлекет басшысының пікірінше, Әзербайжан мен Арменияның мұндай келісімге қол қоюы – АҚШ Президенті Дональд Трамптың тегеурінді әрі тиімді бітімгерлік миссиясының арқасы. Ол Әзербайжан және Армения басшыларын саяси ерік-жігер танытып, стратегиялық тұрғыдан көреген шешім қабылдауға көндіре алды.

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан да екі ел арасындағы осынау маңызды уағдаластыққа қол жеткізуге елеулі үлес қосты деп санайды.

    Еліміз бейбіт келісімнің негізгі шарттарына қатысты сыртқы істер министрлерінің деңгейіндегі келіссөз алаңы ретінде Алматы қаласын ұсынды.

    Министрлер арасындағы келіссөздер Алматыда өтті", - деп жазды Руслан Желдібай.

    Еске салсақ, қырық жылға жуық қанды қақтығыстардан кейін Армения мен Әзербайжан Вашингтонда бейбітшілік келісіміне қол қойған болатын.

    Тоқаев Әзербайжан мен Арменияның АҚШ-та бейбітшілік келісіміне қол қоюына қатысты пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.