jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Ильхам Әлиев күзде Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуі мүмкін

    Қасым-Жомарт Тоқаев, Ильхам Әлиев
    Қасым-Жомарт Тоқаев, Ильхам Әлиев. Фото: akorda.kz

    Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев қазан айында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуі мүмкін, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Бұл туралы Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Telegram желісіндегі арнасында мәлім етті.

    Руслан Желдібайдың хабарлауынша, мемлекеттер басшылары бұл мәселені жуырда телефон арқылы сөйлескен кезде талқылады.

    "Қазіргі кезде сапардың нақты мерзімі мен мазмұны келісіліп жатыр", - делінген хабарламада.

    Айта кетейік, былтыр президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанға мемлекеттік сапармен барған еді. Президенттер өзара байланыстарымызды стратегиялық серіктестік деңгейіне көтеріп, екі елдің одақтастық қатынастарын нығайтқан маңызды құжаттарға қол қойды.

    Еске сала кетейік, биыл тамызда 40 жылға жуық қанды қақтығыстардан кейін Әзербайжан мен Армения өзара әскери қимылдарды тоқтату туралы келісімге қол қойды. Вашингтонда жасалған тарихи келісімге АҚШ президенті Дональд Трамп куә болды.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан мен Армения арасында жасалған бейбітшілік келісімін жоғары бағалап, АҚШ пен Қазақстанның бұл қадамға қосқан үлесін ерекше атап өтті. Еліміз бейбіт келісімнің негізгі шарттарына қатысты сыртқы істер министрлерінің деңгейіндегі келіссөз алаңы ретінде Алматы қаласын ұсынды. Министрлер арасындағы келіссөздер Алматыда өткен еді.

    Айта кетейік, жуырда Армения премьер-министрі Пашинян Астанаға келетіні белгілі болды.

    Ильхам Әлиев күзде Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуі мүмкін

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.