Тоқаев ресми сапармен Қырғызстанға барады
Опубликовано:
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасына ресми сапармен барады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"22 тамыз күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Садыр Жапаровтың шақыруымен Қырғыз Республикасына ресми сапармен барады.
Бішкекте мемлекеттер басшылары қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастарын одан әрі нығайту мақсатында келіссөз жүргізеді", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ президенттер Қазақстан мен Қырғызстанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің отырысына қатысады.
Естеріңізге сала кетейік, биыл 30 мамырда Қырғызстан президенті Садыр Жапаров "Орталық Азия – Италия" саммитіне қатысу үшін Астанаға келген еді.
Сонымен қатар Қырғызстан президенті 17 маусымда Астанада өткен "Орталық Азия-Қытай" саммитіне де қатысқан болатын.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/universe/2277064-toqaev-qyrgyzstanga-barady/