jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Тоқаев Қырғызстандағы үркіншілік құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоғын қойды (фото, видео)

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз Республикасына ресми сапары "Ата бейіт" ұлттық тарихи-мемориалдық кешеніне зиярат етуден басталды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, тарихи-мемориалдық кешенде Отанына әр кезеңде қалтқысыз қызмет еткен қырғыз халқының даңқты перзенттері, сталиндік репрессия құрбандары жерленген.

    Кешенге "Ата бейіт" атауын жазушы Шыңғыс Айтматов ұсынған.

    Мемлекет басшысы мемориалдық кешен аумағындағы 1916 жылғы үркіншілік құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоғын қойған.

    Айта кетейік, кеше Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасына ресми сапармен барды.

    Мемлекет басшысын Манас халықаралық әуежайында Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қарсы алды.

    Бүгін президенттер келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Қырғызстанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің жетінші отырысына қатысады.

    Тоқаев Қырғызстандағы үркіншілік құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоғын қойды (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.