Тоқаевтан шақырту алған Иордания королі Қазақстанға келеді
Опубликовано:
Читать на русском
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан шақырту алған Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейн Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Қазақстан президенті баспасөз қызметінің ресми Telegram-арнасында хабарланғандай, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан шақырту алған Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейн 26-27 тамызда Қазақстанға ресми сапармен келеді
"Астанаға сапар барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Иордания ынтымақтастығын одан әрі нығайту мақсатында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді", - делінген Ақорда хабарламасында.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/universe/2278293-toqaevtan-shaqyrtu-algan-iordaniia-koroli-qazaqstanga-keledi/