jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Си Цзиньпин мен оның әйелі Тоқаевты Тяньцзиньде қарсы алды (фото, видео)

    Қасым-Жомарт Тоқаев, Си Цзиньпин мен оның зайыбы Пэн Лиюань
    Қасым-Жомарт Тоқаев, Си Цзиньпин мен оның зайыбы Пэн Лиюань. Фото: Ақорда

    Қасым-Жомарт Тоқаев Тяньцзиндегі "Мэйцзян" конференц-орталығына барды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ саммитіне қатысушы елдердің делегация басшылары құрметіне ұйымдастырылған салтанатты қабылдау рәсіміне қатысу үшін Тяньцзиндегі "Мэйцзян" конференц-орталығына барды.

    Мемлекет басшысын ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин мен оның зайыбы Пэн Лиюань күтіп алды", - делінген Ақорда хабарламасында.

    ШЫҰ саммитіне қатысушы мемлекеттердің делегация басшылары бірге суретке түсті.

    Еске салсақ, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін Тяньцзинь қаласына барған болатын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпиннің шақыруымен Қытай Халық Республикасына баратыны 26 тамызда белгілі болды. Бағдарлама 30 тамыз бен 3 қыркүйек аралығына жоспарланғаны хабарланды.

    Тоқаевтың Қытайға сапарына бірге аттанған журналистердің бірі Әділ Балтабаевтың айтуынша, Қытай басшысы Си Цзиньпин келген 22 көшбасшының тек үшеуіне ғана жеке қабылдау ұйымдастырған. Құрметті қонақтар қатарында Қасым-Жомарт Тоқаев та бар.

    Си Цзиньпин мен оның әйелі Тоқаевты Тяньцзиньде қарсы алды (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.