"Жағдай экологиялық апатқа ұласуы мүмкін": Тоқаев Каспий теңізінің хәлі мүшкіл екенін айтты
Опубликовано:
"ШЫҰ плюс" саммитінде сөз сөйлеген президент Қасым-Жомарт Тоқаев климат мәселесіне айрықша назар аударып, Каспий теңізі мәселесін көтерді. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Мемлекет басшысының айтуынша, Каспий теңізінің жағдайы мүшкіл.
"Бүгінгідей беделді форум аясында өте шетін, дегенмен күрделі мәселеге тоқталғым келеді. Бұл Каспий теңізінің мүшкіл хәлі. Жағдай экологиялық апатқа ұласуы мүмкін. Аталған проблема ШЫҰ аясындағы ұзақмерзімді консультацияның басым бағытына айналғаны жөн.
Осы себепті бүгін Астанада ШЫҰ жанынан Су проблемасын талдау орталығын құру туралы ұсыныс айттым. Таяуда Алматыда БҰҰ Бас хатшысының қатысуымен Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған өңірлік орнықты даму орталығы ашылды.
Бұл біздің көпжақты дипломатияға бейіл екенімізді көрсетеді. Орайлы сәтті пайдаланып, барлық серіктеске Өңірлік экологиялық саммитті келесі жылы сәуір айында Астанада өткізу туралы шешім қабылданғанын хабарлаймын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/universe/2281164-zhagdai-ekologiialyq-apatqa-ulasuy-mumkin-toqaev-kaspii-tengizining-hali-mushkil-ekenin-aitty/