jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Басқа жол жоқ": Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалаудың қажеттігін мәлімдеді

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: t.me/aqorda_resmi

    "ШЫҰ плюс" саммитінде сөз сөйлеген президент Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалаудың қажет екенін айтты. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Мемлекет басшысының айтуынша, қазіргідей өте күрделі геосаяси жағдайда Біріккен Ұлттар Ұйымын әмбебап әрі тәуелсіз құрылым ретінде қолдау керек.

    "Осы орайда БҰҰ-ны, ең алдымен, оның басты органы – Қауіпсіздік кеңесін реформалайтын уақыт келді. Бұл міндетті орындаудың қиын екенін жақсы түсінеміз. Алайда басқа жол жоқ. Егер бүгінгі басшылар бұл істі атқарудан бас тартса, мемлекеттер БҰҰ-ға сенімін біржолата жоғалтуы мүмкін", - деді президент.

    Айта кетейік, бүгін өткен "ШЫҰ плюс" саммиті "Көпжақты ынтымақтастықты дамыту, өңірлік қауіпсіздік пен орнықты дамуды қамтамасыз ету" тақырыбына арналды.

    Саммитте Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий теңізі мәселесін де көтерді. Президент Каспий теңізінің хәлі мүшкіл екенін, жағдай экологиялық апатқа ұласуы мүмкін екенін айтты.

    "Басқа жол жоқ": Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалаудың қажеттігін мәлімдеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.