jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Тоқаевтан шақырту алған Конго президенті алдағы аптада Қазақстанға келеді

    Феликс Чисекеди
    Феликс Чисекеди. Фото: Chris Jackson/Getty Images

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан шақырту алған Конго ДР президенті келесі аптада Қазақстанға келеді, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 9-10 қыркүйек күндері Қазақстанға Конго Демократиялық Республикасының президенті Феликс Чисекеди мемлекеттік сапармен келеді.

    Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіліп, екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективасы талқыланады", - делінген Ақорда хабарламасында.

    ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Феликс Антуан Чисекеди Чиломбо 1963 жылы 13 маусымда дүниеге келген. Оның әкесі Конгоның белгілі саясаткері Этьен Чисекеди, кезінде президенттік сайлауға түсіп, бірақ сайлауда жеңіліп қалған.

    2018 жылы Феликс Чисекеди әкесінің жолын қуып, мемлекет басшысы лауазымына үміткер болды - ол жеңіске жетіп, 2019 жылы Конго ДР көшбасшысы атанды.

    Ол 2023 жылы екінші мерзімге қайта сайланды.

    Тоқаевтан шақырту алған Конго президенті алдағы аптада Қазақстанға келеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.