jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Израильдің Қатарға жасаған соққысы: зардап шеккендер арасында қазақстандықтар бар ма

    Қатар астанасы
    Доха. Фото: Noushad Thekkayil/NurPhoto via Getty Images

    Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев мәжіліс кулуарында Қатарда зардап шеккендер арасында қазақстандықтардың бар-жоғы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бақаевтың айтуынша, қазір Қатарда 1500-ге жуық Қазақстан азаматы жүр. Оның ішінде 516 адам консулдық есепте тұр.

    "Әрине, Қатарда біздің азаматтар бар. Бірақ зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бізге ешкім хабарласқан жоқ", - деді Әлібек Бақаев.

    Ол Сыртқы істер министрлігі Қатардағы Қазақстан азаматтарымен тұрақты байланыста екеніне сендірді.

    Айта кетейік, 9 қыркүйекте Израиль әскері Қатар астанасы Дохада болған ХАМАС-тың жоғары лауазымды өкілдеріне соққы жасады. Қатар Сыртық істер министрі ЦАХАЛ-дың әрекетін айыптады.

    Елдің премьер-министрі Мұхаммед бен Абдеррахман Әл Тани Қатар билігі Израиль шабуылына құқықтық жауап дайындап жатқанын мәлімдеді.

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та Қатар астанасы Дохада Израиль билігі жасаған әскери акцияны айыптады.

    Қандай мақсатты көздесе де, мұндай әрекетке жол беруге болмайды. Бұл Қатар мемлекетінің егемендік құқығын бұзады және халықаралық құқық қағидаттарына қайшы келеді", - делінген Ақорданың ресми хабарламасында.

    Еске сала кетейік, Израильдің Қатарға жасаған соққысынан кейін Jerusalem Post басылымы израильдік шенеуніктерге сілтеме жасап, Дохадағы ХАМАС басшыларына жасалған шабуылды алдымен АҚШ мақұлдағанын хабарлады.

    Алайда Израиль премьер-министрінің аппарат өкілдері жауапкершілікті өзіне алып, әскери акция толығымен тәуелсіз болғанын мәлімдеді.

    Израильдің Қатарға жасаған соққысы: зардап шеккендер арасында қазақстандықтар бар ма

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.