Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев палатаны таратуға қатысты пікір білдірді
Опубликовано:
Читать на русском
Сенат отырысында төраға Мәулен Әшімбаев Қазақстанда парламентті бір палаталы ету туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Биылғы жолдаудың негізгі тұстарының бірі – мемлекет басшысының парламенттік реформа жүргізу туралы ұсынысы. Бұл бастама болашақта бір палаталы парламентке көшуді көздейді.
Парламенттік реформа – президенттің әділ де қуатты Қазақстанды құру жолындағы бағытының заңды жалғасы – бұл мақсатқа жету үшін демократиялық институттар мен тетіктерді нығайту қажет.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай маңызды өзгерістер тек ашық және жан-жақты қоғамдық талқылау негізінде жүзеге асырылатынын және түпкілікті шешім халықтың пікірін ескере отырып, жалпыхалықтық референдумда қабылданатынын атап өтті", - деді Әшімбаев.
Оның айтуынша, депутаттар президент жолдауын Қазақстанды жаңғыртудың жол картасы ретінде қабылдайды.
Айта кетейік, биылғы жолдауда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда бір палаталы парламент құру туралы бастама көтерді.
Сондай-ақ депутаттардың бірі сенат таратылса, президенттікке кім үміткер болатыны туралы пікір білдіргенін жазғанбыз.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/universe/2285057-senat-toragasy-maulen-ashimbaev-palatany-taratuga-qatysty-pikir-bildirdi/