Тоқаев жақын арада Нью-Йоркке жұмыс сапарымен барады
Опубликовано:
Мемлекет басшысы 21-23 қыркүйек күндері Нью-Йорк қаласына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясына қатысып, бірқатар мемлекеттің және халықаралық ұйымдардың басшыларымен келіссөз жүргізеді.
Сондай-ақ АҚШ-тың ірі бизнес өкілдерімен дөңгелек үстел ұйымдастырылады.
Бұдан бөлек, әлемдік жетекші компаниялардың басшыларымен кездесу жоспарланып отыр.
Айта кетелік, "ШЫҰ плюс" саммитінде сөз сөйлеген президент Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалаудың қажеттігін мәлімдеген еді.
Мемлекет басшысының айтуынша, қазіргідей өте күрделі геосаяси жағдайда Біріккен Ұлттар Ұйымын әмбебап әрі тәуелсіз құрылым ретінде қолдау керек.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/universe/2287995-toqaev-niu-iorkke-zhumys-saparymen-barady/