Тоқаев АҚШ-та Франция президенті Эмманюэль Макронмен кездесті
Опубликовано:
Читать на русском
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-қа сапары барысында Франция президенті Эмманюэль Макронмен кездесті, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
А️қорда ұсынған мәліметке сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макронмен екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйін талқылады.
Тоқаев Франция еліміздің Еуропа Одағындағы басты әрі сенімді серіктесі саналатынын атап өтті.
️Президенттер осыған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтар түрлі салада, соның ішінде энергетика, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау бағыттарында айтарлықтай табысты іске асырылып жатқанына тоқталды.
️"Мәдени-гуманитарлық байланыстар жемісті дамып келеді. ️Қазақстан мен Франция президенттері өзекті геосаяси мәселелер жөнінде пікір алмасты", - делінген Ақорда хабарламасында.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/universe/2289712-toqaev-aqsh-ta-frantsiia-prezidenti-emmaniuel-makronmen-kezdesti/