jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Тоқаев Әзербайжанға барып, Ильхам Әлиевпен кездеседі

    Қасым-Жомарт Тоқаев, Ильхам Әлиев
    Қасым-Жомарт Тоқаев, Ильхам Әлиев. Фото: akorda.kz

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанға барып, Ильхам Әлиевпен кездеседі, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ақорда мәліметіне сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаевты Әзербайжанға президент Ильхам Әлиев шақырған.

    "Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 6-7 қазан күндері Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшылары кеңесінің ХІІ саммитіне қатысу үшін Әзербайжанға сапар жасайды", - делінген Ақорданың ресми хабарламасында.

    Еске салсақ, бұған дейін Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев қазан айында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуі мүмкін екені хабарланған еді.

    Мемлекеттер басшылары бұл мәселені телефон арқылы сөйлескен кезде талқылады.

    "Қазіргі кезде сапардың нақты мерзімі мен мазмұны келісіліп жатыр", - делінген еді хабарламада.

    Айта кетейік, былтыр президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанға мемлекеттік сапармен барған еді. Президенттер өзара байланыстарымызды стратегиялық серіктестік деңгейіне көтеріп, екі елдің одақтастық қатынастарын нығайтқан маңызды құжаттарға қол қойды.

    Тоқаев Әзербайжанға барып, Ильхам Әлиевпен кездеседі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.