Тоқаев Әзербайжанға барды (фото)
Опубликовано:
Читать на русском
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Әзербайжанның Габала қаласына барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ақорда ұсынған ақпаратқа сәйкес, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанның Габала қаласында саммитке қатысады.
"Президент ертең Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшылары кеңесінің ХІІ саммитіне қатысады", - делінген Ақорда хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін Тоқаев 6-7 қазан күндері Әзербайжанға барып, Ильхам Әлиевпен кездесетіні хабарланған еді.
Қасым-Жомарт Тоқаевты Әзербайжанға президент Ильхам Әлиев шақырған.
Сондай-ақ Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев қазан айында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуі мүмкін екені хабарланған болатын.
Мемлекеттер басшылары бұл мәселені телефон арқылы сөйлескен кезде талқылады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/universe/2294241-toqaev-azerbaizhanga-bardy-foto/