Тоқаевтан шақыруымен Әзербайжан президенті Қазақстанға келеді
Опубликовано:
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 20-21 қазан күндері Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді.
Сапар барысында жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіледі. Сонымен қатар президенттер Жоғары мемлекетаралық кеңеске және Қазақстан-Әзербайжан бизнес форумына қатысады", - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, 6 қазанда Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевтің шақыруымен Әзербайжанға барған еді.
Ол жерде президент Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшылары кеңесінің ХІІ саммитіне қатысып, бірнеше ұсыныс айтты.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/universe/2297865-azerbaizhan-prezidenti-ilham-aliev-qazaqstanga-keledi/