Тоқаев қарсы алды: Әзербайжан президенті Астанаға келді (фото)
Опубликовано:
Читать на русском
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ақорда мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевті Астана әуежайынан өзі күтіп алған.
"Ертең президенттер келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Әзербайжан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің екінші отырысын өткізеді", - делінген Ақорда хабарламасында.
Еске салсақ, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келетіні бұған дейін хабарланған болатын.
Ильхам Әлиевті 20-21 қазан күндері Қазақстанға келуге Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі шақырған. Сапар барысында жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіледі, деп қосты Ақорда өкілдері.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/universe/2299302-toqaev-qarsy-aldy-azerbaizhan-prezidenti-astanaga-keldi-foto/