jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Брюссельдегі "Дәрет сындырып тұрған бүлдіршінге" тағы да шапан жабылды (фото, видео)

    Манекен Пис
    Манекен Пис: instagram/kazakhstaninbrussels

    Бельгия астанасының басты символдарының бірі — "Манекен Писке" Қазақстанның Республика күні мерекесіне орай тағы да шапан жабылды, деп хабарлайды елшілікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Қазақстан Республикасының Бельгиядағы елшілігінің Instagram парақшасында хабарланғандай, кеше Брюссельде Қазақстан Республикасы күніне арналған мәдени шара өтті.

    "Брюссель қаласында Қазақстанның Республика күніне орай танымал Манекен Пис мүсініне қазақтың шапаны кигізілді. Шараны Қазақстан елшілігі мен Манекен Пис сақшылары ордені ұйымдастырды", - делінген елшілік хабарламасында.

    Бұл оқиға Қазақстан мен Бельгия арасындағы достық пен мәдени байланыстарды нығайтуға бағытталған, деп қосты елшілік өкілдері.

    Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан кеше Республика күнін атап өтті – бұл елдегі жалғыз ұлттық мереке. Бұл күн 1990 жылғы 25 қазанда Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның қабылдануына орай мереке ретінде бекітілген.

    Брюссельдегі "Дәрет сындырып тұрған бүлдіршінге" тағы да шапан жабылды (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.