jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Қазақстанға баруды жоспарлап жүргенін айтты

    Марко Рубио
    Марко Рубио. Фото: Saul Loeb/Getty Images

    АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио келесі жылы Қазақстанға және Орталық Азияның басқа да елдеріне баруды жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Қазақстанға 2026 жылы келу ниеті барын мәлімдеді. Бұл туралы ол Вашингтонда Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлерімен кездесуінде айтты. Оның қабылдауда Қазақстанның сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев та болды.

    "Мен өзім де келесі жылы сол жаққа, (Орталық Азия елдеріне – ред.) барлық бес елге баруды жоспарлап отырмын. Демек, бұл бір апта немесе одан да ұзаққа созылатын сапар болуы мүмкін. Бұл жұмысты бірлесіп атқаруымыз керек", - деді Рубио.

    Сондай-ақ Рубио АҚШ пен Орталық Азия елдерінің экономикалық даму, нарыққа шығу және табиғи ресурстарды өндіру мәселелерінде мүдделері сәйкес келетінін атап өтті. Ол АҚШ ынтымақтастықты кеңейтуге үмітті екенін жеткізді.

    АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Қазақстанға баруды жоспарлап жүргенін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.