jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Тоқаев The Washington Post пен The New York Times басылымдарына сұхбат берді

    Тоқаев АҚШ басылымына сұхбат берді
    Тоқаев АҚШ басылымына сұхбат берді. Фото: Ақорда

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарындағы танымал басылымдар – The Washington Post пен The New York Times-қа сұхбат берді, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ақорданың хабарлауынша, Тоқаев The Washington Post және The New York Times секілді америкалық танымал басылымдарға сұхбатты АҚШ-қа сапары барысында берді.

    Президент Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастыққа, Америкаға сапарының мәні мен маңызына, Дональд Трамп жүргізіп отырған саясатқа, әлемдегі геосаяси жағдайға, Украина төңірегіндегі ахуалға және басқа да мәселелерге қатысты ойын бөлісті.

    Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан президенті 6 қарашада Вашингтонға барды. Оны әуежайда АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Кристофер Ландау күтіп алды.

    Тоқаев АҚШ-та Вашингтонда өтетін С5+1 саммитіне қатысады. Ол бұған дейін Трампқа саммитке шақырғаны үшін алғыс айтқан.

    Бүгін Мемлекет басшысы АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубиомен және президент Дональд Трамп әкімшілігінің басқа да өкілдерімен кездесті.

    Тоқаев The Washington Post пен The New York Times басылымдарына сұхбат берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.