jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Тоқаев Ақ үйге барып, Трамппен жүздесті: кездесу нәтижелері қандай (фото, видео)

    Тоқаев пен Трамптың кездесуінен фото
    Тоқаев пен Трамптың кездесуінен фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен АҚШ президенті Дональд Трамп келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ақорданың хабарлауынша, Ақ үйдегі кездесуде мемлекет басшысы Вашингтонға сапармен келуге шақырғаны және қазақстандық делегацияға көрсеткен қонақжай көңілі үшін АҚШ президентіне ризашылық білдірді.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың президенттік лауазымының тарихи сипатына тоқталып, оның басшылығымен АҚШ әлемнің жетекші экономикалық, саяси және технологиялық державасы ретіндегі позициясын күшейтіп келе жатқанын атап өтті.

    Тоқаев пен Трамп
    Тоқаев пен Трамп. Фото: Ақорда

    Қазақстан президентінің айтуынша, Америка көшбасшысы жер жүзінің қауіпсіздігін, тұрақтылығы мен өркендеуін қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады.

    Мемлекет басшысы Қазақстан АҚШ президентінің бітімгерлік бастамаларын толық қолдайтынын жеткізді. Соның ішінде келешекте Орта дәлізді одан әрі дамытуға ықпал ететін "Трамптың халықаралық бейбітшілік және өркендеу жолына" (TRIPP) ерекше назар аударды.

    Тоқаев пен Трамп
    Тоқаев пен Трамп. Фото: Ақорда

    Дональд Трамп АҚШ-тың Қазақстанмен көпжоспарлы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті дамытуға ниетті екенін растады.

    Сапар аясында Қазақстан мен Құрама Штаттары арасында жалпы сомасы 17 миллиард доллардан асатын коммерциялық келісімдерге қол қойылды.

    Тоқаев пен Трамп
    Тоқаев пен Трамп. Фото: Ақорда

    Әңгімелесу барысында екіжақты ықпалдастықтың кең көлемдегі мәселелері жан-жақты талқыланды, өзара тиімді ынтымақтастықтың перспективті бағыттары нақтыланды.

    Сонымен қатар президенттер халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

    Тоқаев пен Трамп
    Тоқаев пен Трамп. Фото: Ақорда

    Ресми кездесуден кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Трамп еркін форматта әңгімелесті.

    Тоқаев пен Трамп
    Тоқаев пен Трамп. Фото: Ақорда

    Президент Ақ үйдің іргесінде тұрып, жаңадан салынып жатқан салтанат сарайының құрылысын көрді.

    Тоқаев пен Трамп
    Тоқаев пен Трамп. Фото: Ақорда

    Тоқаев Ақ үйге барып, Трамппен жүздесті: кездесу нәтижелері қандай (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.