jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    2,5 млрд долларға бағаланған серіктестік: Тоқаев John Deere компаниясы басшылығымен кездесті

    Тоқаев John Deere компаниясының басшылығымен кездесті
    Тоқаев John Deere компаниясының басшылығымен кездесті. Фото: Ақорда

    Қасым-Жомарт Тоқаев John Deere компаниясының ТМД және Орталық Азия елдері бойынша президенті Чабо Лейкомен кездесті, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Қазақстан президенті John Deere компаниясымен серіктестікті заманауи және тиімді ауыл шаруашылығы кешенін дамытуға ортақ ұмтылысты көрсететін өндірістік кооперацияның табысты үлгісі деп атады.

    Мемлекет басшысы John Deere компаниясының Қазақстанның "Агромаш" зауытымен серіктестік орната отырып, агроөнеркәсіп кешеніне арналған техника өндірісінің локализациясы туралы қабылдаған шешімін қолдады. Бұл ынтымақтастық қазірдің өзінде оң нәтиже беріп отыр.

    Өндіріс іске қосылған биылғы мамыр айынан бері 290 бірліктен астам техника құрастырылған. Жыл соңына дейін тағы 100 техника шығарылады деп жоспарланып отыр.

    Қасым-Жомарт Тоқаев сапар аясында жалпы құны 2,5 миллиард долларға бағаланған Стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қойылғанын құптады.

    Құжат бойынша "АгромашХолдинг KZ" АҚ 5 жыл ішінде кем дегенде 3 мың John Deere ауыл шаруашылығы техникасын өндіруді, кемінде 3 сервис орталығын ашуды, сондай-ақ мамандарды оқыту жүйесін дамытуды қарастырады.

    2,5 млрд долларға бағаланған серіктестік: Тоқаев John Deere компаниясы басшылығымен кездесті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.