jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Тоқаев Ресейге мемлекеттік сапармен барады

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин. Фото: Ақорда

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қарашада Ресей Федерациясына мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Мемлекет басшысының баспасөз қызметінің мәліметінше, сапар барысында Қасым-Жомарт Тоқаев президент Владимир Путинмен келіссөздер жүргізеді.

    Сондай-ақ Орал қаласында өтетін ХХІ Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық сессиясына бейнебайланыс арқылы қатысады.

    Сапар аясында бірқатар екіжақты маңызды құжаттарға қол қою жоспарланып отыр.

    Айта кетелік, бұған дейін мемлекет басшысы Ресей федерациясы үкіметі төрағасының бірінші орынбасары Денис Мантуровты қабылдағанын жазған едік.

    Кездесуде Қазақстан президентінің Мәскеуге жасайтын мемлекеттік сапары талқыланды.

    Тоқаев Ресейге мемлекеттік сапармен барады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.