Мәскеуге бара жатқан Тоқаевтың бортын шекарадан Ресейдің Су-35 ұшақтары қарсы алды
Опубликовано:
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен бара жатыр. Мемлекет басшысының бортын шекарадан Ресей Қорғаныс министрлігінің Су-35 ұшақтары қарсы алды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Мемлекеттік шекарадан өткен сәттен Мәскеу әуежайына қонғанға дейін Ресейдің әуе кеңістігінде Қазақстан президентінің бортымен бірге РФ Қорғаныс министрлігінің Су-35 ұшақтары қапталдасып ұшты", - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысының 11-12 қарашада Ресей Федерациясына мемлекеттік сапармен баратынын жазған едік.
Сапар барысында Қасым-Жомарт Тоқаев президент Владимир Путинмен келіссөздер жүргізеді.
Сондай-ақ Орал қаласында өтетін ХХІ Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық сессиясына бейнебайланыс арқылы қатысады.
Бұдан бөлек, бірқатар екіжақты маңызды құжаттарға қол қою жоспарланып отыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/universe/2307558-maskeuge-bara-zhatqan-toqaevtyng-bortyn-shekaradan-reseiding-su-35-ushaqtary-qarsy-aldy-video/