jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Путиннің баспасөз хатшысы ресейлік СУ-35 ұшақтары неліктен Тоқаев бортымен қапталдасып ұшқанын түсіндірді

    Президент борты
    Президент борты. Фото: t.me/aqorda_resmi

    Кремль Қазақстан президентінің бортын Мәскеуге қарай неліктен ресейлік жойғыш СУ-35 ұшақтары алып жүргенін түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости-ге сілтеме жасап.

    Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Мәскеуге бағыт алған Қазақстан президенті ұшағын ресейлік жойғыш ұшақтардың алып жүруінің қауіпсіздік мәселесіне қатысы жоқ екенін түсіндірді, мемлекеттік сапар кезінде мұндай құрметті қарауыл қалыпты тәжірибе.

    "Жоқ, бұл қауіпсіздікпен байланысты емес. Бұл сондай құрмет қарауылы, ол мемлекеттік сапармен байланысты. Бұл расында да тәжірибеде бар. Бұл әдеттегі тәжірибе", - деді Песков Тоқаевтың ұшағын неліктен ресейлік жойғыш ұшақтар алып жүргенін және қауіпсіздігіне қандай да бір қауіп төніп тұрған-тұрмағаны жөніндегі журналистердің сұрағына берген жауабында.

    Еске сала кетейік, 11 қарашада президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды. Мемлекет басшысының бортын шекарадан Ресей Қорғаныс министрлігінің Су-35 ұшақтары қарсы алды.

    Путиннің баспасөз хатшысы ресейлік СУ-35 ұшақтары неліктен Тоқаев бортымен қапталдасып ұшқанын түсіндірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.