jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Ташкентте бес елдің президенті бас қосты (фото)

    Қасым-Жомарт Тоқаев, Шавкат Мирзиеев, Ильхам Әлиев, Садыр Жапаров және Эмомали Рахмон
    Ташкентте бес елдің президенті бас қосты. Фото: Ақорда

    Мемлекеттер басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев, Шавкат Мирзиеев, Ильхам Әлиев, Садыр Жапаров және Эмомали Рахмон Ташкенттегі Ислам өркениеті орталығына барды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттерінің басшылары Ислам өркениеті орталығына барды.

    Президенттерге орталық ислам өркениетінің бір бөлшегі саналатын Өзбекстанның бай мәдени-рухани мұрасын терең зерттеу және насихаттау мақсатында құрылғаны жөнінде баяндалды.

    Мұндағы ең басты жәдігер – Осман Құраны. Ал оның жан-жағында Құран сүрелерінің санына сәйкес 114 ежелгі кітап қойылады.

    Сондай-ақ Тоқаев Орталық Азия елдерінің басшыларымен және Әзербайжан президентімен бірге "Келешек мұрасы" халықаралық сыйлығын тапсыру рәсіміне қатысты.

    Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің айтуынша, биыл тағайындаған бұл сыйлық дәстүрді жаңғыртуға, өнерді дамытуға, сондай-ақ ұлттық рухани мұраны насихаттауға елеулі үлес қосқан мәдениет қайраткерлеріне беріледі.

    Қазақстаннан актер Еркебұлан Дайыров "Театр және кино" аталымы бойынша "Келешек мұрасы" сыйлығының лауреаты атанды.

    Ташкентте бес елдің президенті бас қосты (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.