jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Армения премьер-министрі Никол Пашинян Астанаға келді (фото, видео)

    Никол Пашинян мен Олжас Бектенов
    Никол Пашинян мен Олжас Бектенов. Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

    Армения Республикасының премьер-министрі Никол Пашинян ресми сапармен Астана қаласына келді. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Бағдарлама аясында 21 қараша күні екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша бірқатар кездесу жоспарланған.

    Никол Пашинянды Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов қарсы алды.

    Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Армения премьер-министрі Никол Пашинян 20-21 қарашада Астанаға ресми сапармен келетінін хабарлаған болатынбыз. Бұл сапар барысында екі ел делегациялары келіссөздер жүргізеді, оның барысында Қазақстан мен Арменияның өзара тиімді ынтымақтастығын нығайту перспективалары талқыланады.

    Армения премьер-министрі Никол Пашинян Астанаға келді (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.