jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Барлығыңызды жақсы көремін": Қазақстанға ресми сапармен келген Пашинян Астанадан видео жариялады

    Никол Пашинян
    Никол Пашинян. Видеодан кадр: instagram.com/nikolpashinyan_official

    Қазақстанға ресми сапармен келген Армения премьер-министрі Никол Пашинян әлеуметтік желідегі парақшасында Астанадан видео жариялап, оқырмандарына сәлем жолдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Қайырлы таң! Күндеріңіз сәтті өтсін! Барлығыңызды жақсы көремін", - жазды Пашинян Instagram-дағы парақшасында жариялаған видео сипаттамасында.

    Видеодан фонда BAYANSULU атымен танылып жүрген қазақ әншісінің "Ауа райы" деп аталатын әні ойнап тұрғанын, Астанада күн тұманды екенін байқауға болады.

    Желі қолданушылары саясаткерге "Астанаға қош келдіңіз!" деп жылы лебіздерін жазуда.

    Айта кетейік, Никол Пашинян кеше, 20 қарашада Астанаға ресми сапармен келді. Оны әуежайдан премьер-министр Олжас Бектенов қарсы алды.

    Бүгін екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша бірқатар кездесу жоспарланған.

    "Барлығыңызды жақсы көремін": Қазақстанға ресми сапармен келген Пашинян Астанадан видео жариялады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.