jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Тоқаевтың шақыруымен Астанаға Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов келеді

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов. Фото: t.me/bort_01

    Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов алдағы аптада мемлекеттік сапармен Астанаға келеді, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Қазақстан президентінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 24-25 қараша күндері Астанаға Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов мемлекеттік сапармен келеді.

    "Сапар аясында тараптар жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіп, Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту перспективасын талқылайды", - делінген Ақорданың ресми хабарламасында.

    Еске салсақ, маусымда Түрікменстан президенті Қазақстанда өткен "Орталық Азия – Қытай" саммитіне қатысуға келген болатын.

    Сондай-ақ мамырда Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов пен Қырғызстан президенті Садыр Жапаров "Орталық Азия – Италия" саммитіне қатысу үшін Астанаға келген еді.

    Тоқаевтың шақыруымен Астанаға Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов келеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.