Тасмағамбетовтің ҰҚШҚ-дағы қызметі аяқталуға жақын: оның орнына кім келетіні айтылды
Опубликовано:
Читать на русском
Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовтің өкілеттік мерзімі аяқталуға жақын. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап бұл лауазымды кім атқаратыны белгілі болды, деп хабарлайды ТАСС агенттігіне сілтеме жасаған KAZ. NUR.KZ.
Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаковтың айтуынша, Тасмағамбетовті Қырғызстан өкілі Таалатбек Масадыков алмастырады.
"27 қарашада Бішкекте өтетін ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңесінің сессиясына бас хатшы Иманғали Тасмағамбетов те қатысады. 1 қаңтардан бастап оның ҰҚШҰ-дағы қызметі аяқталады.
Оны қазіргі кезде ҰҚШҰ бас хатшысының орынбасары қызметін атқарып отырған Қырғызстан өкілі Масадыков мырза алмастыратыны белгілі болды", - деді Ушаков.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 27 қарашада Бішкекте ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтетінін жазған едік.
Отырыста өзекті мәселелерден бөлек, ұйымның жаңа бас хатшысының кандидатурасы қарастырылады.
ҰҚК сессиясына мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/universe/2312918-tasmagambetovting-uqshq-dagy-okilettik-merzimi-aiaqtaluga-zhaqyn-onyng-ornyna-kim-keletini-aityldy/