jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Гонконгтағы алапат өрт: Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айтты

    Гонконгтағы өрт
    Гонконгтағы өрт. Фото: AFP via Getty Images

    Мемлекет басшысы ҚХР төрағасына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Гонконг қаласында болған алапат өрт салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Си Цзиньпинге және барша Қытай халқына көңіл айтқан.

    Президент зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірген.

    Естеріңізге сала кетейік, кеше Гонконгтағы көпқабатты ірі тұрғын үй кешендерінің бірінде алапат өрт болды. Жалын тұрғын үй кешеніндегі сегіз орамның жетеуін, сондай-ақ оның аумағында орналасқан саябақтарды шарпыған.

    Бастапқыда өрт салдарынан 13 адамның қаза тапқаны хабарланған еді, кейінірек қаза тапқандар саны 44-ке жеткені белгілі болды.

    Тағы бірнеше ондаған адам ауыр халде ауруханаға жеткізілген, 270-тен астам адам із-түссіз жоғалып кеткен.

    Полиция қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді, қазіргі уақытта үш адам қамауға алынған.

    Гонконгтағы алапат өрт: Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.