Еуропалық кеңес президенті Антониу Кошта ресми сапармен Қазақстанға келеді
Опубликовано:
Ертең, 4 желтоқсанда Астанаға Еуропалық кеңес президенті Антониу Кошта ресми сапармен келеді. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Антониу Коштаның Қазақстанға келетінін Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Биыл Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанына 10 жыл толады.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Кошта келіссөз жүргізіп, екіжақты ынтымақтастықтың даму перспективасын талқылайды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/universe/2316078-europalyq-kenges-prezidenti-antoniu-koshta-resmi-saparmen-qazaqstanga-keledi/