Тоқаев Қырғызстан президентімен телефон арқылы сөйлесті
Опубликовано:
Читать на русском
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президентімен телефон арқылы сөйлесіп, оны туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Президенттің баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сәйкес, президенттер екіжақты ықпалдастық қарқынды түрде дамып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл 21-22 тамызда Қырғызстанға жасаған ресми сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру барысын талқылады.
Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты туған күнімен құттықтап, бауырлас қырғыз халқының игілігі жолында атқарып жатқан мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.
Мемлекет басшысы Қырғызстан президентінің екі елдің достық, тату көршілік және өзара қолдау рухындағы сан қырлы ынтымақтастығын кеңейтуге қосқан елеулі үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/universe/2317250-toqaev-qyrgyzstan-prezidentine-qongyrau-shaldy/