jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Бұрын білмеген тарихи деректер бар екен": Тоқаев Ираннан әкелінген құнды сыйлық үшін Масуд Пезешкианға алғыс айтты

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Масуд Пезешкиан көрме тамашалауда
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Масуд Пезешкиан көрме тамашалауда. Фото: Ақорда

    Қазақстан және Иран президенттері Иран архивінен табылған қазақ тарихына қатысты көне қолжазбалар көрмесін тамашалады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Масуд Пезешкианның назарына Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мұрағатынан алынған 27 қолжазбаның көшірмесі ұсынылды.

    XVIII-XIX ғасырларда қазақ даласында болған қоғамдық-саяси оқиғаларға қатысты құнды деректерді қамтитын жәдігерлер алғаш рет көрсетіліп отыр.

    Бұл құжаттар Қазақстан мен Иранның терең тарихи байланысын дәлелдей түседі.

    Мемлекет басшысы қазақ тарихына қатысты деректерді бөліскені үшін Масуд Пезешкианға алғыс айтты.

    "Бұл – өте құнды сыйлық. Біз міндетті түрде қазақ қауымына бұл көрмені көрсетеміз, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кеңінен дәріптейміз. Бұрын білмеген тарихи деректер бар екен. Қазақ халқына пайдалы болады деп ойлаймын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Айта кетейік, бұған дейін Иран делегациясының Қазақстан тарихына қатысты бірқатар құнды ескі қолжазбаның көшірмесін ала келгенін жазған едік.

    "Бұрын білмеген тарихи деректер бар екен": Тоқаев Ираннан әкелінген құнды сыйлық үшін Масуд Пезешкианға алғыс айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.