Тоқаев: Ауғанстанға көмек көрсетуді жалғастыру қажет
Опубликовано:
Читать на русском
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстанға көмек көрсетуді жалғастыру қажет деп санайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Қазақстан президенті Халықаралық бейбітшілік және сенім жылына, Халықаралық бейтараптық күні мен Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына арналған форумда Ауғанстанға көмек көрсетуді жалғастыру қажеттігін сөз етті.
"Алматыдағы Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ өңірлік орталығы осы бағыттағы ынтымақтастықты үйлестіретін маңызды платформаға айналды. Тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуда Азиядағы өзара іс-қимыл сенім шаралары жөніндегі кеңес маңызды рөл атқарады. Бұл форум өзінің саяси тұрғыдан өзектілігін дәлелдеді. Осыған орай АӨСШК қызметіне, соның ішінде форумды толыққанды халықаралық институтқа айналдыруға қолдау көрсеткені үшін серіктестерімізге алғыс айтамыз", – деді мемлекет басшысы.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/universe/2320007-toqaev-auganstanga-komek-korsetudi-zhalgastyru-qazhet/