jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Тоқаев Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылуына қатысты пікір білдірді

    Тоқаевтың Түрікменстанда сөз сөйлеу сәті
    Тоқаевтың Түрікменстанда сөз сөйлеу сәті. Фото: Ақорда

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің Ибраһим келісімдеріне қосылу жөніндегі шешіміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

    Халықаралық бейбітшілік және сенім жылына, Халықаралық бейтараптық күні мен Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына арналған форумда Қасым-Жомарт Тоқаев өзге өңірлердегі қақтығысты реттеуге қатысты пікір білдірді.

    "Таяу Шығыстағы жағдай бойынша келісімге қол қойылуын құптаймыз. Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылу жөніндегі шешімі аталған аймақтағы ахуалды тұрақтандыруға үлес қосу ниетінен туындап отыр. Әйтсе де Қазақстан ұзаққа созылған әскери-саяси дағдарысты түбегейлі реттеудің маңызды факторы ретінде егемен Палестина мемлекетін құру ұстанымын жақтайды.

    Әзербайжан мен Армения бейбітшілік туралы бірлескен декларацияға қол қойды. Біз мұны тарихи шешім деп санаймыз. Өйткені осы арқылы аталған аймақта және одан тысқары жерлерде сан қырлы ынтымақтастыққа кеңінен жол ашылады. Оңтүстік Кавказдағы тұрақтылыққа кепілдік беретін толық форматты бейбіт келісімшарт таяу арада жасалады деп үміттенеміз", – деді ол.

    Тоқаев Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылуына қатысты пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.