jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Қош келдіңіз!": Токио губернаторы Тоқаевпен кездесуде қазақ тілінде сөйледі

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Юрико Коикэ
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Юрико Коикэ. Фото: Ақорда

    Жапонияда ресми сапармен жүрген мемлекет басшысы бүгін Токио губернаторымен кездесу өткізді. Кездесуде Юрико Коикэ қазақ тілінде амандасып, құрмет көрсетті, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Токио губернаторы Юрико Коикэ президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа "Қош келдіңіз!" деп қазақ тілінде жылы шырай танытып, әрі қарай ағылшынша сөйледі.

    "Президент мырза, қош келдіңіз! Бір жыл бұрын Астанадағы кездесуімізден кейін сізді қайта көргеніме қуаныштымын", - деді ол.

    Президенттің баспасөз қызметі кездесуден үзінді жариялады.

    Айта кетейік, кездесу барысында тараптар цифрландыру, Smart city технологияларын және қаланы орнықты дамыту, жасанды интеллект, шаһарды басқару ісіне инновациялық шешімдерді енгізу салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

    Сонымен қатар мегаполистердің тұрғындары мен қонақтары үшін анағұрлым жайлы, экологиялық тұрғыдан таза, қауіпсіз және инклюзивті орта қалыптастыру жайын қарастырды.

    Кездесу соңында Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек пен Токио губернаторы Юрико Коикэ Қазақстан және Жапония астаналары арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

    "Қош келдіңіз!": Токио губернаторы Тоқаевпен кездесуде қазақ тілінде сөйледі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.