jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Тоқаев, Мирзизеев, Рахмон, Жапаров пен Бердімұхамедов Жапонияда бірге суретке түсті

    Орталық Азия елдерінің президенттері мен Жапония премьер-министрі
    Орталық Азия елдерінің президенттері мен Жапония премьер-министрі. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев және басқа да елдердің президенттері "Орталық Азия-Жапония" диалогының бірінші саммитіне келді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

    Ақорда "Орталық Азия-Жапония" диалогы саммитінен фотолар мен видеоларды жариялады. Фотодан Қазақстан президенті Қасым-Жомар Тоқаевты, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевті, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды және Жапония премьер-министрі Санаэ Такаичиді байқауға болады. Форумға сондай-ақ Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов қатысты.

    Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан президенті Орталық Азия мемлекеттері басшыларының құрметіне Жапония премьер-министрі ұйымдастырған ресми қабылдауға қатысу үшін Акасака сарайына келген еді.

    Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға ресми сапармен келген болатын. Оны Токиодағы Ханэда халықаралық әуежайында Жапонияның сыртқы істер министрі Аяно Кунимицу қарсы алды.

    Тоқаев, Мирзизеев, Рахмон, Жапаров пен Бердімұхамедов Жапонияда бірге суретке түсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.