jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    АҚШ президенті Дональд Трампқа Қазақстанның грамотасы табысталды

    Дональд Трамп пен Мағжан Ильясов
    Дональд Трамп пен Мағжан Ильясов. Фото: ҚР СІМ

    Қазақстанның АҚШ-тағы жаңа елшісі Мағжан Ильясов президент Дональд Трампқа сенім грамотасын табыстады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақстан Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

    Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстанның АҚШ-тағы жаңа елшісі Мағжан Ильясов Ақ үйде президент Дональд Трамппен кездесті.

    "Вашингтон, 2025 жылғы 16 желтоқсан - Ақ үйде Қазақстан Республикасының елшісі Мағжан Ильясовтың Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трампқа сенім грамоталарын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті" - делінген СІМ хабарламасында.

    Айта кету керек, сенім грамоталары - елшінің өз елін басқа мемлекетте ұсыну өкілеттігін растайтын ресми құжат. Олар бір мемлекет басшысының атынан екіншісіне беріледі және алғашқы аудиенцияда жеке табысталады, содан кейін елші аккредиттелгендер қатарына қосылып, өз міндеттерін орындауға кіріседі.

    АҚШ президенті Дональд Трампқа Қазақстанның грамотасы табысталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.