jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Тоқаев Жапонияға виза рәсімдеу үдерісін жеңілдетуді ұсынды

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    "Орталық Азия – Жапония" диалогының бірінші саммитінде сөз сөйлеген Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдерінің халқы үшін Жапонияға виза рәсімдеу үдерісін жеңілдетуді ұсынды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Мемлекет басшысы тарихи кездесуді ұйымдастыруға бастамашы болғаны және қонақжайлық танытқаны үшін Жапония премьер-министрі Санаэ Такаичиге алғыс айтты.

    Сондай-ақ мемлекет басшысы өз сөзінде Жапониямен туризм саласындағы ықпалдастықтың негізгі бағыттарын атады.

    "Орталық Азия елдерінің тарихы мен мәдени мұрасы бай, табиғаты әсем. Бұл жапон туристерін қызықтырары сөзсіз. Қазақстан Жапониямен туризм саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті.

    Жапониялық туристер үшін Орта Азияның бірыңғай туристік маршрутын әзірлеген жөн деп есептеймін. Сондай-ақ Орталық Азия елдерінің халқына визалық рәсімдерді жеңілдеткен дұрыс.

    Бұл жапондық туристердің бір сапарда бірнеше елді аралап шығуына мүмкіндік береді. Ал біздің азаматтарымыз Күншығыс елімен етене таныса алады. Жапонияны Осака қаласында ЭКСПО 2025 көрмесін табысты өткізуімен тағы да құттықтаймын. "Көрме тақырыбын жан-жақты көрсету" номинациясы бойынша алтын жүлде иеленгендеріңізге қуаныштымыз", - деді президент.

    Тоқаев Жапонияға виза рәсімдеу үдерісін жеңілдетуді ұсынды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.