jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Тоқаев Трамптың шақыруымен Давос қаласына барады

    Қасым-Жомарт Тоқаев және Дональд Трамп
    Қасым-Жомарт Тоқаев және Дональд Трамп. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы АҚШ президенті Дональд Трамптың шақыруымен Давос қаласына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "22 қаңтар күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трамптың шақыруымен Бейбітшілік кеңесінің жарғысына қол қою рәсіміне қатысу үшін Давос қаласына жұмыс сапарымен барады", - делінген хабарламада.

    Кейінгі мәліметтер бойынша, Ақ үй басшысы Бейбітшілік кеңесіне 58 әлем көшбасшысын шақырған.

    Сондай-ақ АҚШ президентінің мақсаты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесімен бәсекелесе алатын ірі халықаралық ұйым құру екені туралы ақпарат тарады.

    Трамп Газа бойынша Бейбітшілік кеңесі құрылатынын былтыр желтоқсанда мәлімдеген болатын. 

    Жақында Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты Газа бойынша Бейбітшілік кеңесінің құрамына кіруге ресми шақырғанын, ал Қазақстанға құрылтайшы мемлекеттердің бірі болуды ұсынғаны белгілі болды.

    Тоқаев Трамптың шақыруымен Давос қаласына барады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.