jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Тоқаев Бейбітшілік кеңесінің жарғысына қол қою үшін Давосқа келді

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Давостағы Конгресс орталығына келді, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Санаулы сәттерден кейін мұнда АҚШ президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің жарғысына қол қою рәсімі өтеді.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың шақыруымен аталмыш рәсімге қатысу үшін Давосқа жұмыс сапарымен баратынын жазған едік.

    Кейінгі мәліметтер бойынша, Ақ үй басшысы Бейбітшілік кеңесіне 58 әлем көшбасшысын шақырған.

    Сондай-ақ АҚШ президентінің мақсаты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесімен бәсекелесе алатын ірі халықаралық ұйым құру екені туралы ақпарат тарады.

    Трамп Газа бойынша Бейбітшілік кеңесі құрылатынын былтыр желтоқсанда мәлімдеген болатын. 

    Жақында Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты Газа бойынша Бейбітшілік кеңесінің құрамына кіруге ресми шақырғанын, ал Қазақстанға құрылтайшы мемлекеттердің бірі болуды ұсынғаны белгілі болды.

    Тоқаев Бейбітшілік кеңесінің жарғысына қол қою үшін Давосқа келді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.