Тоқаев Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің жарғысына қол қойды (фото, видео)
Опубликовано:
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бейбітшілік кеңесінің жарғысына қол қойды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Мемлекет басшысы АҚШ президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің жарғысына қол қойған.
Қол қою рәсіміне Қазақстан президентінен басқа 18 елдің басшылары мен өкілдері қатысқан.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың шақыруымен Бейбітшілік кеңесінің жарғысына қол қою үшін Давосқа барғанын жазған едік.
Трамп Газа бойынша Бейбітшілік кеңесі құрылатынын былтыр желтоқсанда мәлімдеген болатын.
Жақында Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты Газа бойынша Бейбітшілік кеңесінің құрамына кіруге ресми шақырғанын, ал Қазақстанға құрылтайшы мемлекеттердің бірі болуды ұсынғаны белгілі болды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/universe/2334468-toqaev-tramptyng-bastamasymen-qurylgan-beibitshilik-kengesining-zhargysyna-qol-qoidy-foto-video/