jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Бейбітшілік кеңесінің құрамына кіру үшін Қазақстан миллиард доллар төледі ме

    Бейбітшілік кеңесі
    Бейбітшілік кеңесінің мүшелері. Фото: Ақорда

    Ақорданың баспасөз қызметі Газа бойынша бейбітшілік кеңесінің құрамына кіру үшін елдер, оның ішінде Қазақстан да миллиард доллар төлеуі керек деген ақпаратқа қатысты жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Ақорданың мәліметінше, Бейбітшілік кеңесінің құрамына күру үшін мемлекеттің дербес шешімі қажет. Мемлекеттердің кеңеске мүше болу мерзімі – үш жыл.

    "Жарғыда көрсетілген 1 миллиард доллар көлеміндегі ерікті жарна мүшелік етудің шарты емес. Бұл – кеңеске мүше елдердің құқығы. Егер осы жарна бірінші жыл ішінде құйылса, мемлекеттің кеңестегі мүшелігі белгіленген үш жылдық мерзімнен ұзарады.

    Қазақстан Бейбітшілік кеңесінің құрамына ешқандай қаржылық жарнасыз кірді, бұл жарғының ережелеріне толық сәйкес келеді", - деді Ақорданың баспасөз қызметі.

    Естеріңізге сала кетейік, кеше Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің жарғысына қол қойды. Осы мақсатта мемлекет басшысы Трамптың шақыруымен Давосқа барды.

    АҚШ пен Қазақстаннан бөлек, жарғыға Армения, Аргентина, Әзербайжан, Болгария, Венгрия, Индонезия, Иордания, Косово, Пәкістан, Парагвай, Қатар, Сауд Арабиясы, Түркия, БАӘ, Өзбекстан және Моңғолия қол қойды.

    Бейбітшілік кеңесінің құрамына кіру үшін Қазақстан миллиард доллар төледі ме

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.