jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Ермек Көшербаев Түркия президенті Ердоғанмен кездесіп, Тоқаевтың сәлемін жеткізді

    Ермек Көшербаев және Реджеп Тайип Ердоған
    Ермек Көшербаев және Реджеп Тайип Ердоған. Фото: ҚР СІМ

    Анкараға ресми сапары аясында сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоғанның қабылдауында болып, мемлекет басшысының сәлемін жеткізді. Бұл туралы сыртқы ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Сұхбат барысында Ердоған екіжақты ынтымақтастықтың кеңейтілген стратегиялық серіктестік деңгейінде қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, екі ел арасындағы көпжоспарлы өзара іс-қимылды жан-жақты дамытудың маңыздылығына ерекше тоқталған.

    Өз кезегінде Ермек Көшербаев Түркия көшбасшысына Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ыстық сәлемі мен ықыласқа толы ниеттестігін жеткізіп, жоғары және биік деңгейдегі уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысы туралы хабардар еткен.

    Бұдан бөлек, тараптар бауырластыққа және берік достыққа негізделген қазақ-түрік қатынастарын одан әрі нығайту жолдары мен әлеуетін талқылаған.

    "Қазақстан мен Түркияның халықаралық ұйымдарда, оның ішінде түркі интеграциясы шеңберінде өзара сенім мен қолдау рухындағы әрекеті, сондай-ақ жаһандық және өңірлік мәселелер бойынша қөзқарастарының ұқсастығы жоғары бағаланды", - делінген хабарламада.

    Ермек Көшербаев Түркия президенті Ердоғанмен кездесіп, Тоқаевтың сәлемін жеткізді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.