Тоқаев мемлекеттік сапармен Пәкістанға барды: мемлекет басшысын қалай күтіп алды
Опубликовано:
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Ислам Республикасына мемлекеттік сапармен барды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Пәкістанның шекарасына енгеннен бастап Әскери әуе күштерінің ұшақтары Қазақстан Президенті мінген бортпен қапталдасып ұшты.
Мемлекет басшысын Исламабад әуежайында Президент Асиф Али Зардари мен Премьер-министр Шахбаз Шариф қарсы алды. Мәртебелі мейманның келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеп, зеңбіректен 21 мәрте оқ атылды.
Сондай-ақ Қазақстан мен Пәкістанның туларын ұстаған балалар Қасым-Жомарт Тоқаевқа қошемет көрсетті.
Ертең жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіліп, екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту перспективасы талқыланады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/universe/2339148-toqaev-memlekettik-saparmen-pakistanga-bardy-memleket-basshysyn-qalai-kutip-aldy/