Тоқаевты Пәкістан премьер-министрінің резиденциясында қалай қарсы алды (фото)
Опубликовано:
Пәкістан премьер-министрінің резиденциясында мемлекеттік сапармен келген президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Мемлекет басшысын Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф күтіп алды.
Қазақстан президенті мен Пәкістан премьер-министрі суретке түскен соң екі елдің мемлекеттік әнұрандары орындалды. Содан кейін Құрмет қарауылының бастығы рапорт берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шахбаз Шариф бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Қарсы алу рәсімінен кейін Қазақстан президенті Пәкістан премьер-министрінің резиденциясы аумағында ағаш отырғызды.
Естеріңізге сала кетейік, кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Ислам Республикасына мемлекеттік сапармен барды.
Мемлекет басшысын Исламабад әуежайында президент Асиф Али Зардари мен премьер-министр Шахбаз Шариф қарсы алды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/universe/2339469-toqaevty-pakistan-premer-ministrining-rezidentsiiasynda-qalai-qarsy-aldy-foto/