jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қазақстан Пәкістанмен стратегиялық серіктестік орнатады: бірлескен декларацияға қол қойылды

    Қасым-Жомарт Тоқаев және Шахбаз Шариф
    Қасым-Жомарт Тоқаев және Шахбаз Шариф. Фото: Ақорда

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен премьер-министр Шахбаз Шариф Қазақстан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасы арасында стратегиялық серіктестік орнату туралы бірлескен декларацияға қол қойды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Сондай-ақ мемлекет басшысы мен Пәкістан премьер-министрінің қатысуымен мынадай құжаттарға қол қойылды:

    1. Тау-кен өнеркәсібі және геология ғылымы саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

    2. БҰҰ миссияларында бітімгерлік бөлімшесін (бөлімшелерін) бірлесіп өрістету жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

    3. Экстрадициялау туралы шарт;

    4. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Пәкістан Ислам Республикасы Федералды теңіз ісі министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

    5. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі мен Пәкістан Ислам Республикасы Сауда министрлігі арасындағы транзиттік сауда туралы келісім;

    6. Кеден мәселелері бойынша ынтымақтастық пен өзара әкімшілік көмек туралы келісім;

    7. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Пәкістан Ислам Республикасы Федералды теміржол министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

    8. Карантин және өсімдіктерді қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;

    9. Ветеринария саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;

    10. Жасанды интеллект және цифрландыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

    11. Денсаулық сақтау саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

    12. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы "Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен Associated Press of Pakistan (APP) арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум;

    13. Климаттың өзгеруі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

    14. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Пәкістан Ислам Республикасы Білім және кәсіби даярлық министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

    15. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Пәкістан Ислам Республикасы Мемлекеттік банкі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

    16. Мәдени-гуманитарлық ықпалдастық саласындағы ынтымақтастық бойынша 2026-2027 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары;

    17. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Пәкістан Ислам Республикасы Виртуальді активтерді реттеу агенттігі арасындағы цифрлық активтер саласы бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;

    18. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Карачи порты арасындағы ақпарат алмасу және кәсіби даму саласы бойынша ынтымақтастық туралы меморандум;

    19. "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ мен National Logistics Corporation арасындағы логистика саласы бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;

    Салтанаты іс-шарада Қасым-Жомарт Тоқаевтың Пәкістанға мемлекеттік сапары барысында бұдан бөлек, тағы 18 құжатқа қол қойылғаны жөнінде хабарланды.

    Қазақстан Пәкістанмен стратегиялық серіктестік орнатады: бірлескен декларацияға қол қойылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.