Тоқаев Жапония премьер-министріне көңіл айтты
Опубликовано:
Читать на русском
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония премьер-министрі Санаэ Такаичиге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Қазақстан президенті баспасөз қызметінің ресми Telegram арнасында хабарланғандай, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның солтүстік өңірінде жауған қалың қар салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты премьер-министр Санаэ Такаичиге көңіл айтты.
"Осындай қиын сәтте қайғыларыңызға ортақтасып, сізге және Жапония халқына көңіл айтамын. Қайтыс болған азаматтардың жақын-жуықтарына сабыр, зардап шеккен отандастарыңыздың тезірек сауығып кетуін тілеймін", – делінген жеделхатта.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/universe/2340754-toqaev-zhaponiia-premer-ministrine-kongil-aitty/