jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды

    Үкіметтің кеңейтілген отырысы
    Үкіметтің кеңейтілген отырысы. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Ақорданың мәліметінше, жиында Қазақстанның 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалады.

    Бірінші кезекте премьер-министр Олжас Бектенов баяндама жасап жатыр.

    Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, премьер-министр ең алдымен экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндаған.

    Олжас Бектенов мемлекет басшысының ел экономикасын одан әрі нығайту жөніндегі алға қойған міндеттеріне, Қазақстан халқына жолдауында белгіленген стратегиялық мақсаттарға сәйкес үкімет 2025 жылы жүйелі өзгерістерге бағытталған іс-шаралар қабылдағанын атап өтті.

    "Салық, тариф және бюджет саясатында, цифрлық және құрылыс секторларында, сондай-ақ әлеуметтік салада қабылданған шешімдер экономиканы дамытуға тосқауыл болып отырған құрылымдық диспропорцияларды жоюға бағытталды.

    Салық және бюджет реформасы Ұлттық қордан нысаналы трансферттерді алмай-ақ, еліміздің үш жылдық бюджетін қалыптастыруға мүмкіндік берді. Ол 2028 жылға қарай бюджет тапшылығын жалпы ішкі өнімнің 0,9 пайызына дейін қысқартуға ықпал етеді. Жергілікті бюджеттердің республикалық бюджетке тәуелділігі 2025 жылғы 50 пайыздан 2028 жылы 34 пайызға дейін төмендейді", - деді Олжас Бектенов.

    Жүзеге асырылған реформалар кезеңінде 2025 жылдың қорытындысы бойынша экономиканың орнықты өсімін сақтап қалуға қол жеткізілген. Құндық мәнде ЖІӨ-нің өсуі $20,1 млрд болған.

    Жалпы, 2025 жылы ЖІӨ өсімі 6,5 пайыз болған. Экономикалық өсімді негізгі салалардың жедел дамуы қамтамасыз еткен: Оның ішінде көлік – 17,8 пайызға, құрылыс – 14,6 пайызға, тау-кен өнеркәсібі – 17,4 пайызға, өңдеу өнеркәсібі – 12,2 пайызға, сауда – 26 пайызға және ауыл шаруашылығы – 5,9 пайызға өскен.

    Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.